Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы қызметкерлерді аттеста
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды:
Педагогтар үшін:
1) Ұлттық біліктілік тестілеу;
2) Біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;
Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:
1) Біліктілік бағалау;
2) Қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
* Педагогтарды аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
* Педагогтар аттестаттаудан өту үшін ұлттық біліктілік тестілеуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға өтініш беру жолымен тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуден электрондық форматта өтеді.
* Ұлттық біліктілік тестілеу педагог өтінішінде көрсетілген мерзімде өткізіледі.
* Педагогтардың өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, білім беру ұйымдары басшыларының өтініштерін қабылдау тестілеу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.
* Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік), күнін, уақытын таңдайды және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
* Ұлттық біліктілік тестілеу:
1 (бір) рет – тегін,
қайта 1 рет және сынақ (педагогтың қалауы бойынша) - күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде,
білім беру ұйымдарының басшылары үшін - ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылдың 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде өтеді.
* Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама беріледі.
* Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтары үшін:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология" - отыз тапсырма;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
2) Жалпы орта білім беру педагогтары үшін:
"Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
"Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;
27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Педагог
ттау Ережесінен үзінді
Бастауыш білім беру педагогтары тестілеуді қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.
* Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін екі жүз қырық минутты құрайды.
* Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) болып табылады.
* Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
* Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама – педагогтың жеке кабинетінде көрсетіледі. Педагогтың талабы бойынша тестілеу нәтижесі басып шығарылады, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым қызметкерінің қолымен және мөрімен куәландырады, қолына беріледі.
* Келесі балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады:
1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтары үшін:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология":
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдістемесі":
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.
2) Жалпы орта білім беру педагогтары үшін:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.
* Ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бір жылға жарамды.
* Тестілеудің теріс нәтижесін көрсеткен аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді
* Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) одан әрі аттестаттау рәсімі:
педагогтар үшін – "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес біліктілік санатын беру (растау);
білім беру ұйымдарының басшылары үшін - осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.