"Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" дирекциясының хатына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " АҚ Солтүстік қазақстан облысы бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға білікті мамандар көрсететін қызметтердің уақтылығы мен қолжетімділігі бөлігінде көмек көрсету үшін мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметі ұйымдастырылды.
Қызметтің негізгі міндеті психологиялық денсаулықты сақтау, отбасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
ӘТВЕО дирекциясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының 1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар психологиялық көмек пен кеңес алу кезегін брондай алады.
ӘТВЕО дирекциясының қоғаммен байланыс басқармасы Қызмет жұмысында оператор болып табылады және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар үшін онлайн-психологиялық кеңес алуға өтінімдерді қабылдаумен ғана айналысады.
Қазақстан-Ресей медициналық университеті білікті мамандарды тарту арқылы психологиялық көмек пен кеңес береді.
Қызметтің жұмысы "SKYPE" бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы Интернет-ресурстың мүмкіндіктерін пайдаланумен ұйымдастырылған. Университет кеңесшілерімен байланысу үшін келесі мекенжайды теру қажет: krmu1411.