Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өз атына не баланың атына білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді, оны болашақта Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында және шетелде оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Бұл жүйенің операторы "Қаржы орталығы"АҚ болып табылады.