Пән апталығы аясында 8-сынып оқушылары үшін «Н.В. Гогольдің «Ревизоры»комедиясы бойынша әдеби ойын өткізілді. Бұл іс-шара орыс классикалық әдебиетіне қызығушылықты оятуға бағытталған, оқушылардың жеке тұлғасының интеллектуалдық және адамгершілік дамуына ықпал етеді.
Ойын барысында оқушылар түрлі-түсті өрістен тапсырмалар таңдады: сұрақтарға, блиц сұрақтарға жауап берді, әдеби кейіпкерден сұхбат алды, иллюстрацияға негізделген шығармаға түсініктеме берді, шығарманың өзектілігін атап өтті.