Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
РҚАО-ның ескертпесі! 1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.04.2016 № 266 (01.09.2016 бастап 1-сыныптар үшін, 01.09.2017 бастап 2-сыныптар үшін, 01.09.2018 бастап 3-сыныптар үшін, 01.09.2019 бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелді.