Мектепте қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша айлық өткізілді. Сенбіліктер 14, 21, 28 сәуір және 5 мамыр күндері өткізілді. Педагогикалық ұжым, қызметкерлер, техникалық қызметкерлер және мектеп оқушылары барлық сенбіліктерге белсенді қатысты. Айлық барысында келесі жұмыстар жүргізілді:
1) жеке және бекітілген аумақты қоқыстан және балшықтан тазарту;
2) жолдың жиекті бөлігін жинау
3) ағаштар мен бордюрларды әктеу;
4) ағаш тәжін кесу