«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы
мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие тұрғысынан
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы
Осы рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие тұрғысынан мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін айқындайды.
2.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
Осы бағдарламаның мақсаты: жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриот қалыптастыру және дамыту үшін мектепте жағдай жасау
Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
Іс-шаралар кешенін өткізу үшін келесі тәрбие түрлері қолданылады:
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипаттағы секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-бұқаралық іс-шаралар:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар бойынша іс-шаралар мен конкурстарды ұйымдастыруға қатысады.
3) Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акцияларды, флэш-мобтарды, диалогтық алаңдарды, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулерді және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының
жұмыс жоспары
2018-2019 оқу жылы
№ | Іс-шаралар | Мерзімдері | Сыныптар | Жауаптылар |
1. | «Парасатты азамат» бұрышын ресімдеу | қыркүйек | клуб мүшелері | Клуб жетекшісі клуб көшбасшысы |
2. | -«Балалық шақтан сыбайлас жемқорлықсыз» - «Әділдік заңы бойынша» тақырыптарына сынып сағаттарын және әңгімелесу өткізу | қыркүйек | 5-7 сынып 8-11 сынып | Клуб жетекшісі, сынып жетекшілері |
3. | - «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» суреттер байқауы | қазан | 1-5 сынып | Клуб жетекшісі сынып жетекшілері, клуб көшбасшысы |
4. | «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»парақшаларын дайындау | қазан | 6-8 сынып | Клуб жетекшісі, сынып жетекшілері, клуб көшбасшысы |
5. | Сыбайлас жемқорлыққа-жол ЖОҚ!!» плакаттар конкурсы | қазан | 9-11 сынып | Клуб жетекшісі, сынып жетекшілері, клуб көшбасшысы |
6. | Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізу | қазан | 9-11 сынып | ТЖ жөніндегі орынбасар. Клуб жетекшісі, сынып жетекшілері |
7. | Қуыршақ театры «Как чужая капуста козла сгубила» спектаклі | қазан 17.10.18 | 0-4 сынып | ТЖ жөніндегі орынбасар. Клуб жетекшісі, сынып жетекшілері. Театр үйірмесінің қатысушылары |
8. | «Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» (буклеттер тарату) | қараша 08.11.18 | клуб мүшелері | ТЖ жөніндегі орынбасар. Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы, сынып жетекшілері |
9. | «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы | қараша 24.11.18 | клуб мүшелері | Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы |
10. | «Сыбайлас жемқорлық туралы не білемін?»эсселер конкурсы | желтоқсан 04.12.- 08.12.18 | 8-11 сынып | Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы |
11. | «Біздің таңдауымыз - құқықтық мемлекет» атты дөңгелек үстел | желтоқсан 20.12.18 | 6-7 сынып | Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы |
12. | «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рөлдік ойыны | желтоқсан 22.12.18 | 3-4 сынып | ТЖ жөніндегі орынбасар. Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы, сынып жетекшілері |
13. | «Менің Отаным Қазақстан!» суреттер сайысы | желтоқсан | 0-2 сынып | Сынып жетекшілері, клуб көшбасшысы |
14. | «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» фотосуреттер көрмесі | қаңтар | 1-11 сынып | Сынып жетекшілері, клуб көшбасшысы |
15. | «Мемлекеттік қызметті алу» іскерлік ойыны | қаңтар 12.01.19 | 5-8 сынып | Сынып жетекшілері, клуб мүшелері. |
16. | «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» газетін шығару | қаңтар | 9-11 сынып | клуб көшбасшысы, клуб мүшелері |
17. | Театр қойылымы (адамгершілік қасиеттерін: адалдықты, қадір-қасиетті, жауапкершілікті, мейірімділікті, әділдікті насихаттау) | ақпан | 5-8 сынып | Сынып жетекшілері, клуб мүшелері |
18. | «Мемлекттік қызмет -елдің мүддесіне адал еңбек» - «Государственная служба – честный труд в интересах страны»эссе конкурсы | наурыз 12.03.-16.03.19 | 5-8 сынып | Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы, клуб мүшелері |
19. | «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер конкурсы | сәуір | 9-11 сынып | ТЖ жөніндегі орынбасар. Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы, сынып жетекшілері |
20. | «Сыбайлас жемқорлық бағасын анықтауға бола ма?» үгіт бригадаларының көрсетілімі | май | 5-11 сынып | ТЖ жөніндегі орынбасар. Клуб жетекшісі, клуб көшбасшысы,сынып жетекшілері |